«Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел

21-сәу-21

Көрулер: 3174

ЭжБЖМ “Экономика” кафедрасы 23 сәуір 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізеді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтеді.

Мақсаты – Қазақстандағы цифрлық технологияларды дамыту мен енгізудің қазіргі жағдайын қарастыру, COVID-19 пандемиясының цифрландыру үдерісіне әсерін бағалау және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша негізгі шараларды анықтау.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының ҒИЖ жөніндегі меңгерушінің орынбасары, PhD, доцент м.а. Қондыбаева С.Қ., э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Ғ.Р. және «Экономика» мамандығының 1 курс магистранттары

Дөңгелек үстел Zoom платформасында өткізілетін болады.