«Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері»

14-сәу-21

Көрулер: 3373

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың 23 сәуірінде з.ғ.д. Ирина Викторовна Амирханованы еске алуға арналған «Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында онлайн Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы және «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми-зерттеу орталығы өткізеді.

Конференция жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарланған:

- цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлік құқықты дамыту;

- цифрлық технологиялардың таралуы жағдайында азаматтық құқықтың жай-күйі мен даму перспективалары;

- мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық үдерістерді құқықтық реттеу;

- іс жүргізу тәжірибесінде цифрлық технологияларды қолдану және іс жүргізу заңнамасының даму перспективалары;

- цифрландыру және оның еңбек қатынастарын құқықтық реттеуге әсері;

- қаржы саласында цифрлық технологияларды пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету;

- цифрлық саладағы құқық бұзушылықтар мен жауапкершілік мәселелері;

- Интернет-қатынастарды құқықтық реттеу.

Конференцияға қатысуға заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары, ғылыми қызметкерлер, тәжірибесі бар заңгерлер, кәсіпкерлер, ғылыми дәреже ізденушілер, оқытушылар, магистранттар шақырылады.

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.