Алыптар апталығы өтеді

04.12.2018

Көрулер: 1903

2018 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында журналистика факультетінде «QAZAQSTAN» телеарнасы ардагерлері мен мамандарының «Алыптар апталығы» шеберлік күндері өтеді.

Апталық аясында «Телевизиядағы ұрпақтар сабақтастығы: телехабар таратудың кешегісі мен бүгіні» тақырыбы аясында «Qazaqstan» арнасында әр жылдары қызмет еткен Ласкер Сеитов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлер: Нұртөлеу Иманғалиұлы, Әшірбек Көпішев, Марат Тоқашбаев, Төлеубай Қаймолдинов, Фатима Бегембаева, Баян Сұлтанова, Ауртур Алипов, Мэльс Байсамбаев, Гүлмария Барманбекова, Мария Айымбетова, Ерлан Атамбай, Қайрат Мусакулов, Мейіржан Жиенәлі, Маржан Болатханқызы, Гүлназ Әлімгерей, Қымбат Досжан, Берік Есенбай, Алмат Әбідраман сынды танымал тележурналистердің шеберлік сыныптарына қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны және уақыты: Журналистика факультетінің «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы №208, басталуы сағ. 9.00