Тұрақты даму үшін ғылым, білім және инновациялар

26.11.2018

Көрулер: 2614

MDP / Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасы "Тұрақты даму үшін ғылым, білім және инновациялар " тақырыбында өтетін ашық дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық студенттерін шақырады2018 ж. 27 қарашасы, 308 Аудитория (Ректорат ғимараты), сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін.

Ғылым, білім және инновация тұрақты дамудың басты қозғаушы локомотивтерінің бірі болып табылады (SDG-4 және SDG11). Қазақстан жастарының азаматтық әлеуметтік белсенділігі "Рухани жаңғыру" ұлттық бағдарламасымен дамып келе жатқан әлеуметтік мәдени құндылықтарды нығайтып қана қоймай, сонымен қатар бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған тұрақты даму проблемаларын шешуге дайын жастарды тәрбиелеуге де ықпал етеді.

Ашық дәріс пен семинар барысында шақырылған спикерлер мен студенттер бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту және қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыру үшін әлеуметтік жобалар мен Азаматтық бастамаларды дамытуда дарынды жастарды қолдау мүмкіндіктерін талқылайды.

Сіз мобильдісіз бе? Халықаралық бағдарламалар бойынша оқуды қалайсыз ба? Жобалармен жұмыс істегіңіз келе ме?

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: Пан Ги Мун атындағы,тұрақты даму Институты және MDP/ Global Classroom бағдарламасы

Қатысушылар: бакалавриат студенттері, химия, заң факультеті, журналистика, география, ФжПФ, ЭжБЖМ және халықаралық қатынастар факультеттерінің магистранттары мен докторанттары.

Қонақтар: ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының ғылым жөніндегі кеңесінің төрағасы Гүлмира Әбдірайымова мен Азаматтық қоғам және басқару мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі, Кэтрин Демпстер (Британ Кеңесі, Манчестер, Ұлыбритания) ханымдардың қатысуы күтілуде.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

MDP / Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасы

Сайт:             www.mdp.kaznu.kz

Twitter:          @ bankimooninsti1

Instagram:     #BanKimoonInstitute_KZ

Facebook:      https://www.facebook.com/GC-MDP-on-Sustainable-Development-260775670611937

Директор: Рафис Абазов,

Арсен Малтабаров +7 747 104 30 92,

жұм. тел: 1456, 1924

Мекен-жайы: 308 Аудитория (ректорат ғимараты)