Құрметті 3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары!

26.11.2018

Көрулер: 2654

«Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС және әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Колумбия университетінің «Тұрақты дамуы» MDP бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ бакалавриат студенттеріне және бірінші курс магистранттарына арналған 18 айлық үш стипендияға конкурс жариялайды.

Конкурс 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қабылдау комиссиясымен өткізіледі. Комиссия үміткерлердің білімі мен академиялық қабілеттерін бағалайды, тиісті құжаттармен расталған келесі критерийлерді басшылыққа алады:

1. Қатысушы кандидаттар жағдайы төмен отбасылардан, соның ішінде:

а) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;

б) Жұмыс істемейтін топпен (I немесе II) мүгедектігі бар екі немесе жалғыз басты ата-анасының болуы;

в) Жасы бойынша зейнеткерлікке шыққан (тек жұмыс істемейтін) екі немесе жалғыз басты ата-анасының болуы;

г) Көп балалы отбасылардан шыққан (төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылары, соның ішінде орта, техникалық және кәсіптік ұйымдарда, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде білім алатын балалар)

2. Алматы қаласының тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына артықшылық беріледі.

3. Кандидаттар жоғары академиялық көрсеткіштерді көрсетуі тиіс, жиынтығында кемінде 3,0 балл.

4. Кандидаттар ағылшын тілінің жоғары деңгейін көрсетуі керек.

Талапкерлерді іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1. декандардың стипендиясына үміткерлерді ұсыну;

2. «Неліктен мен Samsung Electronic Central Eurasia стипендиялық бағдарламасының мүшесі болуға тиіспін?» деген тақырыптағы ең үздік эссеге арналған жазбаша конкурс өткізу;

3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Колумбия университетінде ағылшын тілін тестілеу және «Тұрақты даму» MDP жетекшілерімен сұхбат жүргізу;

4. Samsung Electronic Central Eurasia кеңсесінде сұхбат.

Демеушілік жасаған студенттердің үлгерімі төмендеген жағдайда, Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы студентті ау Демеушілікке қатысты сұрақтар бойынша ректораттағы 1200 кабинетке немесе 377-32-64 телефоны арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колумбия университетінде «Тұрақты даму» MDP бағдарламасының жетекшілеріне хабарласуыңызға болады.