ХХІ ғасырдағы филология ғылымдары: ұлттық код және көркемдік таным

15.11.2018

Көрулер: 2442

Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ғасырдағы филология ғылымдары: ұлттық код және көркемдік таным» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Өтетін орны және уақыты: 23 қараша 15 қабат, басталуы сағ.15.00