IFOM және USMLE емтиханына дайындық бойынша семинар

24.09.2018

Көрулер: 4984

ҚазҰУ Western Consulting-пен бірлесе отырып 2018 жылдың 8-12 қазаны аралығында медицина саласы қызметкерлерін, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) емтиханына дайындау бойынша семинар өткізеді.

Семинар ҚазҰУ ішінде лицензиясы бар медициналық емтиханға (IFOM и USMLE) дайындайтын халықаралық орталық құру мақсатында жүргізіледі. Шара түлектер мен студенттерді дайындауға мамандырылған АҚШ медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандарының қатысуымен өтеді.

Семинар барлық пән бойынша дәрістердің кіріспелі бағамын қамтиды. Дәріс оқушы IFOM және USMLE дайындығына байланысты барлық ұйымдастырушылық сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар оқуды ары қарай жалғастырамын деушілерге дайындалу стратегиясы бойынша жеке кеңес жүргізіледі.

«IFOM және USMLE дайындалу әдістемесі» біліктілігін жоғарылату бойынша куәлік алу мен семинардың толық курсынан өтемін дейтін оқытушылар құрамына арнайы дәрістер қарастырылған. Семинар тілі – ағылшын. Орын саны шектеулі болғандықтан, дәріске қолжетімділік алдын-ала онлайн тіркелу бойынша жүзеге асырылады. https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdL3enKDNmKddIOoVUCIoeK-_RdC3Dtc9TykGsXS3YYzCiJsg/viewform

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы кітапханасы конференц-зал №3, 4-қабат

Реквизиты на оплату обучения.docx

Web Ad WOLFPACC.pdf

Schedule Dr Wolf lectures.docx