«Норвегия-Ресей қатынастары мен посткеңестік кеңістік елдерінің жақындасу факторлары»

19.04.2018

Көрулер: 3150

Торе Наерленд (Tore Nærland) және Том Магнар Хетланд (Tom Magnar Hetland) – Норвегиядан халықаралық саясат журналистері Халықаралық қатынастар факультетінде Германдық зерттеулер орталығы мен «талейран» дипломатиялық клубы Орталық Азияда Норвегия Корольдігінің Елшілігі, сонымен қатар, жеке Елші Оле Йохан Бьёрнаймен (Ole Johan Bjørnøy) серіктестікті дамыта отырып, атақты зерттеушілер, «Bike For Peace Norway» (BFP) қозғалысының өкілдері болып табылатын норвегиялық халықаралық саясат журналистері, Торе Наерланд (Tore Nærland) және Том Магнар Хетландмен (Tom Magnar Hetland) кездесу ұйымдастырады.

Дәріс тақырыбы: «Норвегия-Ресей қатынастары мен посткеңестік кеңістік елдерінің жақындасу факторлары».

 

Ұйымдастырушылар: проф., ГЗО-ның директоры Губайдуллина М.Ш., Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Чукубаев Е.С.

Өткізілу күні : 20 сәуір 2018 ж.

Уақыты: 13:30 – 15:00

Өткізілу орны: «Талейран» дипломатиялық клубы (1-қабат)

Мекен-жайы: Халықаралық қатынастар факультеті, Карасай-батыр к., 95

Барлық келем деушілерге есік ашық!

Анықтама.Торе Наерланд - Халықтар арасындағы серіктестік пен бейбітшілікті, қоршаған ортаны сақтауды насихаттайтын «Bike for peace» ұйымы мен қозғалысының негізін қалаушы. Ұйым Қытайдан Еуропаға дейін , Семей- Алматы- Астана велосипед жарыстарын өткізеді.Том Хэтланд, журналист, редактор және саяси шолушы, Норвегия мен бұрынғы кеңестік елдер арасындағы қатынастарға маманданған, Халықаралық Пресса Институты басқармасының мүшесі.

Ұйым туралы көбірек ақпарат мына парақшада: https://www.bikeforpeace.no/