Шеберлік сағаты

28.03.2018

Көрулер: 2582

23-24 сәуірде медициналық факультетінде «Эндокриндік жүйедегі бұзылулармен байланысты аурулар: гинекология-эндокринология, андрология-урологияның таңдаулы мәселелері» тақырыбына арналған шеберлік сағаты өтеді.

Соңғы жылдары эндокриндік жүйенің бұзылуынан және жастағы өзгерістерден туындаған аурулар мен жағдайларға ерекше көңіл бөлінді, сонымен қатар олардың ерте диагностикасы, тиісті терапия және алдын-алу саласында жеткілікті білімі мен дағдылары бар білікті медициналық қызметкерлердің санының шектеулігінен ҚР халқына білікті де сапалы көмек көрсету мүмкіндігі төмендеуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің денсаулық сақтау мамандарын даярлауға атсалысу мақсатында, халықаралық репродуктология академиясының қолдауымен, Вена университетінің Университеттік клиникасымен серіктестікте 2018 жылдың 23-24 сәуірінде «Эндокриндік жүйедегі бұзылулармен байланысты аурулардың: гинекология-эндокринология, андрология-урологияның таңдаулы мәселелері» тақырыбында шеберлік-сағатын ұйымдастырады.

Шеберлік-сағатты жүргізуге халықаралық жетекші мамандар шақырылды:

-дәрігер Казем Нури, медицина ғылымдарының докторы, гинекологиялық эндокринология және репродуктивті медицина бөлімінің қауымдастырылған профессоры.

- дәрігер Маркус Марграйтер - доцент, урология және андрология маманы, австриялық урология қоғамының андрологиялық ғылыми және жұмыс тобының жетекшісі, медицина сексологиясының Австриялық қоғам мүшесі.

- В.Н. Локшин - PERSONA клиникалық репродуктология медициналық орталығының директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы.

- Р.К. Валиев - бас дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Ресейлік Адам Репродукциясының мүшесі, EACCME мүшесі, ASRM мүшесі.

Шеберлік-сағаттың мақсаты- әйелдердің әртүрлі жас кезеңіндегі гинекологиялық эндокринология саласындағы алдын-алу, диагностикалау, емдеудің инновациялық әдістерін түсіндіру, жасөспірімдер мен ересектер андрологиясы, ерлердің бедеулігі.

Шеберлік-сағат ұйымдастырушылары: халықаралық фармацевтикалық компаниялар Alvogen, Abbott Laboratories, PERSONA клиникалық репродукторлық медициналық орталығы.

Шеберлік-сағатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ге жуық гинекологтар, гинеколог-эндокринологтар, гинеколог-репродуктологтар, андролог-урологтар, урологтар, эндокринологтар қатысады.

Шеберлік-сағаттың тақырыптық бағыттары әртүрлі мамандық дәрігерлері мен профильді дәрігерлер арасында қызығушылық тудыратын эндокринология, гинекология, урология, репродуктивті медицина, инновациялық зерттеу әдістері, оңтайландыру т.б.

Шеберлік-сағат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында, 416 аудиторияда өтеді

Ұйымдастыру жөніндегі сұрақтар бойынша шеберлік-сағат координаторы Касымжанова Алтынай 8(727) 221-16-11; 8778 228 84 47 хабарласуыңызды сұраймыз.

Email: www.altynay.kas@yandex.k