«Визуалдық коммуникация және цифрлық медиа симбиозы»

01.03.2018

Көрулер: 2633

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жыл 6 наурыз сағат 11:00-де журналистика факультеті әл-Фараби ат. ҚазҰУ ТРК М. Барманқұлов атындағы (№3-3) студияда дәстүрлі Барманқұлов оқулары аясында «Визуалдық коммуникация және цифрлық медиа симбиозы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысы медианарыққа мамандар дайындау мәселесі, бұқаралық коммуникация құралдарын зерттеу әдістері, медиаиндустрияның өндірістік нарығын зерттеуге арналады.

Ғылыми алқасөз қарсаңында Журналистика факультеті студенттеріне арналған байқау ұйымдастырылды. Ең үздік студенттік ғылыми және шығармашылық жұмыстарға арнайы дипломдар мендемеушілер тарапынан сыйлықтар табыс етіледі.

Конференцияға бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары қатысады.

Ақпарат: Марат Кәрібайұлы Барманқұлов (1937-2000) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 35 жылдан аса ассистенттіктен журналистика факультетінің деканы қызметтерін атқарды. М.К. Барманқұловтың алғаш жарық көрген кітаптары «Репортаж на радио и ТВ» (1970 ж.) және «Весь мир у вас в квартире» (1972 ж.), «Журналистика для всех» – кітаптары студенттер мен журналистердің жұмыс кітабына айналды. Теоретик, телепублицист ғалым журналистика саласы бойынша бірнеше кітаптардың авторы. 2007 жылдан бер ұйымдастырып келе жатқан Барманқұлов оқулары дәстүрлі шараға айналды.

Журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбақызы Сұлтанбаева,

Телефондар: +77272211492; +7727377-33-33 қосымша 1351Моб: 87011527488; +77079719888. Е-mаil: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz;

Аға оқытушы Рушанова Неля Берікқызы, +77028444585,

Е-mаil: nelia­_82@mail.ru