Жас ғалымдардың байқауы!

23.11.2017

Көрулер: 3053

Жас ғалымдардың байқауы!

Британдық Кеңес (British Council) «Ғылым қоры» АҚ-мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен 21-23 жас аралығындағы жас ғалымдардың FameLab халықаралық байқауының форматында ұлттық конкурсын өткізеді. Бұл байқау ғылыми байланыстың ең ірі конкурстарының бірі болып табылады және Еуропа, Азия және Африка елдеріннің 20-дан астам елдерде өткізіледі.

Байқаудың мақсаты жарқын және талантты жас ғалымдарды анықтау және ғылыми қарым-қатынас дағдыларын ағылшын тілінде қоғамдық мүдделерімен бөлісуді дамыту болып табылады. Сондай-ақ, конкурс мақсаты - бүкіл әлемнің жастары арасында ғылымды танымал ету.

Конкурсқа өтінімдер онлайн режимінде 2017 жылдың 17 желтоқсанына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты келесі сайтта ала аласыз https://www.britishcouncil.kz/ru/famelab.

Барлық сұрақтар бойынша British Council қызметкері Жанар Жаксылыкова-ға хабарласыңыз.

Тел.: +7 7172 55 20 77, +7 701 727 99 49

E-mail: Zhanar.zhaxylykova@kz.britishcouncil.org