Профессор Т.Кәкішұлы және әдебиет тарихының өзекті мәселелері

18.10.2017

Көрулер: 3191

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінде «Профессор Т.Кәкішұлы және әдебиет тарихының өзекті мәселелері» атты конференция өтеді.

Конференция мақсаты белгілі ғалым, қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы Т.Кәкішұлының мұрасын қазіргі заман тұрғысынан терең таныту, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері арқылы ғалымның азаматтық және қайраткерлік қызметінің қазақ қоғамының әдеби-мәдени даму үдерісіндегі тарихи орнын айқындау, ғалымдық болмысын ашу болып табылады. 

Конференция қонақтары:

Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин – Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, ақын, драматург;

Көпжасар Нәрібаев – мемлекет және қоғам қайраткер, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

Әбсаттар Дербісәлі – Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Конференция қатысушылары:

Йылдыз Наджие – Гази университеті, «Әдебиет» факультеті деканының орынбасары, профессор (Түркия);

Асылы Осман «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының кандидаты; 

Баянғали Әлімжанов – ақын.

Конференция шеңберінде төмендегі мәселелер қарастырылады:

  1. Т. Кәкішұлы – ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері;
  2. Т. Кәкішұлы және қазақ әдебиеті тарихының мәселелері;
  3. Т. Кәкішұлы және әдебиет сынының мәселелері;
  4. Қазақ әдебиеті тарихы мен сынын жоғарғы және орта мектепте оқытудың мәселелері.

Өтетін уақыты: 23 қазан 2017 жыл, сағат 11.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ мәжіліс залы, 15-қабат.

Қосымша сұрақтар бойынша: Тел.: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), немесе мына e-mail: esoltanaeava@mail.ru