Құрметті ҚазҰУ қызметкерлері!

16.10.2017

Көрулер: 2671

18 қазан сағат 15:00-18:00 дейін, 19 қазан сағат 10:00-13:00 және 15:00-18:00 дейін  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Каннам Северанс клиникасының профессорлары: Hyojin Park - гастроэнтеролог-онколог, Byung Ha Chung - онколог- уролог, Jaehoon KIM - гинеколог-онколог, Yong Sang Lee - эндокринолог, қалқанша безінің хирургі, асқазан-ішек аурулары, простата, гинекологиялық патология және осы сияқты онкологиялық аурулары бар емделушілерге тегін кеңес береді. Емделушілерде өзімен бірге зертханалық және инструменталдық зерттеулер, DICOM форматындағы дискте КТ және МРТ нәтижелері, Қазақстан мамандарының кеңестері мен ұсыныстары, қабылдаған дәрі-дәрмектерінің атаулары және қабылдаған емдерінің нәтижелері болуы тиіс.

Мекенжайы әл-Фараби даңғылы 71/25 (кіру Тимирязева көшесінен)

Жазылу телефоны: 221-14-44.