Әліпбидің бірегей форматына көшу

13.10.2017

Көрулер: 2781

2017 жылдың 16 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әліпбидің бірегей форматына көшуді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді. Шараға филологтар мен лингвист ғалымдар, ҒЗИ мен қоғам өкілдері, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысады.

Шараның негізгі тақырыбы Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар. Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында ұсынған рухани жаңғыру үдерісінің маңызды бөлігі ретінде қазақ тілін жаңғырту болып табылады. Сондай-ақ жаңа әліпбиге көшуді іске асырудың өзекті мәселелері, латын тілін кезең-кезеңмен енгізу үшін методикалық базаны қамтамасыз ету және қажетті кадрлар дайындау үрдісіндегі университеттердің рөлі талқыланатын болады.

Өтетін уақыты және орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 230 аудитория, 16 қазан 10.00

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

8 (727) 377 3148