Оқыту және білім беру "Зерде" орталығы шақырады!

18.04.2017

Көрулер: 3567

Егер Сіз Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Кешенді тестілеуде жоғары балл жинап, Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі оқу орнында оқып, сапалы біліміңізбен табысты мансапқа ие болғыңыз келсе, онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің «Зерде» орталығының дайындық курсына келіңіз.
«Зерде» орталығында оқытудың озық әдіс-тәсілдерін меңгерген тәжірибелі ұстаздар дәріс береді.    
Орталық жұмысының басты бағыты қазақ және орыс тілдерін, математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, адам, қоғам және құқық пәндері бойынша білімді жетілдіру және тереңдетіп оқыту.
Орталық ҰБТ мен КТ талапкерлерді дайындауға басты назар аударады.
Орталық тыңдаушылары өздері таңдаған пәндер бойынша тәжірибелі оқытушылардан жеке кеңес алады.
Курс жұмысының барысында тыңдаушыларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапхана қоры мен лингофонды кабинеттерін пайдалануға рұқсат беріледі.
Оқу сабақтары мен кеңес беруді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәжірибелі жетекші оқытушылары жүргізеді.
«Зерде» оқу-білім беру орталығында шетелдік азаматтар үшін қазақ, орыс тілдерін оқыту курстары да жұмыс істейді.

Қосымша ақпараттарды келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Бөгенбай батыр көшесі, 39/41, (Масанчи көшесінің қиылысы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті.
Байланыс тел.:
8(272)292-57-17; ішкі (2176, 2187)
Кабинет:
223

«Зерде» оқыту-білім беру орталығының директоры: Мырзабеков М.С.

Кабинет: 215.

Тел: 8(727) 292-57-17 (2188) сот: 87026019324