"Бір белдеу – бір жол"

27.06.2017

Көрулер: 4235

"Бір белдеу – бір жол" бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты Халықаралық форумды ұйымдастырушы комитет Сізді 2017 жылдың 29-30 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін форумға қатысуға шақырады. Форум Қытай Халық Республикасы Нанкин педагогикалық университетінің қолдауымен өтеді. Форумға Қазақстан, сонымен қатар бірқатар шетелдің ЖОО басшылары, ғалымдары, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысады. Форум 29 маусым күні пленарлық отырыспен ашылады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 409 конференц- зал.

Форум қатысушыларын тіркеу сағат 9.00. басталады.

Байланыс тел.:+7 (727) 243-89-28; +7 (747) 372-75-83

e-mail: ainur.turgenbai@kaznu.kz