Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы түсіндіру семинары

26.06.2017

Көрулер: 4145

4-шілде күні сағат 09.30-дан  13.00-ге дейін әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананың №409 конференц-залында «Ғылым Қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілу шарттары бойынша түсіндіру семинары өткізіледі.

Конкурс  өтеусіз  және  қайтарымсыз  негізінде  ұсынылатын, бюджеттік және бюджеттен  тыс  қаражат  есебінен  экономиканың басым секторлары аясында ғылыми  және  ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін  коммерцияландыру жобаларын жүзеге асыруға арналған гранттар бөлу үшін өткізіледі.

Бір жобаны жүзеге асыруға бөлінетін сома 300 млн. теңгеге дейін.

Өтінімді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 12-маусымнан 2017 жылдың 26-шілдеге дейін жүргізіледі.