АҚ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» студенттік жобалар байқауы

23.06.2017

Көрулер: 4457

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бірлесе отырып номинациялардың бірі «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» болып табылатын инновациялардың Ұлттық байқауын жариялайды.

Номинацияның негізгі мақсаты: Жастарды ғылым мен өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, мамандық ретінде өнертапқыштықтың маңыздылығын арттыру, жас стартаперлерді ынталандыру, өнімнің нарыққа шығуына дайындау.

1 орын – 1 500 000 теңге

2 орын – 1 000 000 теңге

3 орын – 700 000 теңге

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Номинацияға ЖОО-ның 25 жасқа (қоса алғанда, өтінім беру кезінде) дейінгі стунденттері қатыса алады.

Номинацияға қатысу үшін қатысушылар жобасы туралы ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын бейнеролик түсіріп, You Tube порталына салып, сайтта онлайн өтініммен бірге бейнероликке сілтеме қалдыруы қажет.

Өтінім беру мерзімі: 2017 жылдың 1 қазанына дейін

Өтінім беру үшін мына сілтемені басыңыз: http://natd.gov.kz/ru/luchshij-innovatsionnyj-proekt-sredi-studentov-2017/