Шахматтан XVII дәстүрлі Олимпиаданың ақтық жарысы

25.05.2017

Көрулер: 4531

Балалар күніне орай Спорт кешеннің шахмат клубында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамының балалары арасында шахматтан XVII дәстүрлі Олимпиаданың ақтық жарысы өтеді.

Жарысқа 10, 12, 14 жасқа дейінгі (ұлдар және қыздар) балалар қатыса алады.  

Шахмат Олимпиадасының әрбір жас дәрежесіндегі жүлдегерлері құрмет грамотасымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының сыйлықтарымен марапатталатын болады. 

Өтетін уақыты және орны: 30 мамыр 2017 жыл, сағат 11.00, ҚазҰУ спорт кешені