Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруы: «Алаш» және «Мәңгілік ел» идеялары

29.03.2017

Көрулер: 5098

Тарих, археология және этнология факультеті ІV халықаралық «Фараби оқулары» аясында «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына орай «Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруы: «Алаш» және «Мәңгілік ел» идеялары» атты халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы Алаш қайраткерлерінің саяси-қоғамдық және мәдени-ағартушылық қызметтері, Алаш идеясының «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтастығы туралы ғылыми тұжырымдарды талқылау және тарихты оқытудың инновациялық әдістеріне байланысты пікір алмасу.

Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмысы жоспарланған:

  1. Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруының тарихи-рухани негіздері;
  2. «Мәңгілік ел» идеясы және Отан тарихының өзекті мәселелері;
  3. Е.Бекмаханов мұралары және «Алаш» идеясы мен Алаштану мәселелері;
  4. Тарихты оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары;

Конференцияда қазақ және орыс тілдерінде баяндама жасауға болады.

Конференцияға Египеттен, Түркиядан келген шетелдік зерттеушілер, сондай-ақ белгілі қазақстандық ғалымдар – ҚР ҰҒА Құрметті академигі профессорлар М.Қ. Қойгелдиев, Т.Омарбеков, Н.Мұқаметханұлы және т.б. қатысады.

Конференция жұмысына қатысуға Отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияның өтетін орны мен уақыты: 6 cәуір 2017 жыл, басталуы: сағ.10.00

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, тарих, археология және этнология факультеті, 405 мәжіліс залы.