«Қазақстан - Германия: 25 жыл ынтымақтастық

28.03.2017

Көрулер: 5406

 2017 жылы сәуірдің 6-сы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан - Германия: 25 жыл ынтымақтастық: сыртқы саясат, дипломатия және екіжақты қарым-қатынастың дамуы» («Казахстан – Германия: 25 лет сотрудничества: внешняя политика, дипломатия и перспективы двусторонних отношений») атты дөңгелек үстел өтеді.

 Германия Федеративтік Республикасы 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және 1992 жылы 11 ақпанда дипломатиялық қатынастарды орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Бұл мемлекетаралық диалог және халықаралық сахнадағы өзара әрекеттестіктің, қарым-қатынастардың қарқынды дамуына, 1992 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың негізі туралы шарт жасауына ықпал етті.

Екі мемлекеттің дипломатиясы жоғары дейгейдегі ынтымақтастықтың, сонымен қатар адамдар арасындағы қатынастардың дамуына мүмкіндік беруде. Қорлар мен қоғамдық ұйымдар Қазақстандағы неміс халқын және оның ұлттық, тілдік және мәдени ерекшеліктерін қолдайды.

ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультеті көп жылдар бойы ГФР-ның ҚР-дағы Елшілігі мен Бас Консулдығы, Фр. Эберт және К. Аденауэр атындағы Қорларының өкілдері, DAAD ұйымы, Гете атындағы институтымен, т.б. ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатты. Олардың қолдауымен ҚазҰУ-нде неміс бағыты дамуда және Герман зерттеу Орталығы мен DAAD лектораты ашылды.

 

Мерекелік шараның мақсаты - Қазақ-Герман қатынастарына байланысты келесі мәселелерді қарастыру:

- қалыптасу тарихы, қазіргі жағдайы және болашақта екіжақты қатынастардың дамуы (саясат, экономика, сауда, қауіпсіздік, мәдениет, білім беру)

- Қазақстан мен Германия: көпжақты ынтымақтастығы

- қазақ және неміс дипломатиясы, белгілі дипломаттар мен саясаткерлердің рөлдері

- жоғары оқу орындарында герман-еуропалық бағытының дамуы

- Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары әр түрлі білім беру, оқу бағдарламалары мен ғылыми жобаларында және т.б.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары - қазақ және неміс дипломаттары (ГФР-ның Алматы қаласындағы Бас Консулдығы), ҚР-да аккредиттелген неміс қорлары мен ұйымдарының өкілдері, ҚазҰУ, ҚНУ мен ҚСЗИ ғалымдары және т.б.

Мерекелік шараға ҚазҰУ  ХҚФ-нің оқытушылары мен студенттері қатысады.

 

Өткізу күні - 6 сәуір, 2017 ж.

Өту орны: Ғылыми кеңестің Отырыс Залы, ҚазҰУ  ХҚФ

Мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көш., 95

Уақыты: 11.00 – 13.00

Қарым-қатынас тілдері: орыс, қазақ, неміс

 

Дөңгелек үстелге Сіздің қатысатыныңызды растауды өтінеміз

Байланыс ақпараты: проф. Губайдуллина М.Ш. (ГЗО, каб. 219): <mara.gubaidullina@kaznu.kz>, <gubaidullinamara1@gmail.com> 

ХҚ және ӘЭ кафедрасы - каб. № 208 (Халықаралық қатынастар факультеті)

Телефон: 8(727) 243-83-28