Жапонтану апталығы басталды

10.03.2017

Көрулер: 4342

 Жапонтану апталығы жапон тілін үйркенуші студенттердің құзыреттілігі мен білім деңгейін көтеруге, Жапония тарихы мен салт-дәстүрін, әдет- ғұрпы мен мәдениетін таныстыруға, сондай-ақ, Қазақстан мен Жапонияның академиялық ынтымақтастығын кеңейтіп, нығайтуға бағытталады.

 Ұйымдастырушылар: Қиыр Шығыс кафедрасы, жапон бөлімінің оқытушылары

Өтетін уақыты: 9 -14 наурыз 2017 жыл

 

Жапонтану апталығының бағдарламасы

9 наурыз 2017 жыл – «Күншығыс еліне саяхат» ашылуы

Өтетін уақыты: 14:20 - 16:20

Өтетін орны: Шығыстану факультеті, 536 ауд.

 

10 наурыз 2017 жыл – Елшілік сағаты: Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ичиро Кавабата мырзаның «Қазақстан мен Жапония: дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл» дәрісі

Өтетін уақыты: 15: 00- 17:00

Өтетін орны: Шығыстану факультеті,503 зал.

 

11 наурыз 2017жыл - жапон тілінен шешендік өнер бойынша қазақстандық 19-шы сайыс

Өтетін уақыты: 10: 00-13: 00

Өтетін орны: Халықаралық қатынастар факультеті, 2-ші қабат, № 200

 

13 наурыз 2017 жыл - Токио университетінің студенттерімен кездесу

Өтетін уақыты: 12.00 - 14.00

Өтетін орны: Шығыстану факультеті, 536 аудитория

 

14 наурыз 2017 жыл - Жапон тағамдарын даярлау және юката кию бойынша шеберлік сағаты

Өтетін уақыты: 16:00-17: 00

Өтетін орны: Шығыстану факультеті, 425, 536 ауд.

 

Барлық қатысамын деушілерді шақырамыз!