Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы байқауы

30.01.2017

Көрулер: 3246

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры тағайындалған жиырма атаулы шәкіртақыны ұсынуға байқау жариялайды. Шәкіртақы төлену мерзімі 12 ай (2017 ж. сәуірінен 2018 ж. наурызына дейін).  

Қазақстан азаматы болып табылатын үміткерлер қазақстандық университеттердің 2-3 курс бакалавриат немесе 1-курс магистратураның студенті болуы тиіс.

Байқауға геологиялық, техникалық, инженерлік және IT мамандықтарында оқып жатқан студенттер, сондай-ақ, күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің білімгерлері қатыса алады. Ай сайынғы шәкіртақы көлемі – 25000т.

Шәкіртақы алушыларды іріктеу төмендегі талаптарға сай болған студенттер арасынан өткізіледі:

Ағымдағы оқу жылында үлгерімі «өте жақсы» бағаларының саны (GPA 3-тен кем болмауы қажет);

Студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді түрде қатысуы;

Университеттің/ институттың қоғамдық өмірінде белсенді түрде қатысатын білімгерлер;

Шәкіртақы ізденушісі байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 12-наурызына дейін келесі құжаттарды қордың info@yessenovfoundation.org электрондық поштасына тапсыру қажет:

Өтінім, үлгі бойынша (Қор сайтынан yessenovfoundation.org жүктеледі);

Ғылым жетекшіңіздің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

«Қазақстанның білім және ғылым саласына қосатын үлесіңіз қандай болмақшы? Сіз үшін маңызды не? Неліктен?» атты тақырыпқа ынталандыру жолданымы (жолданым формасы шектелмеген:аудио, видео, жазбаша);

Жеке куәлігіңіздің көшірмесі;

Транскрипт (ортақ балл 3-тен кем емес);

Магистратура білімгерлері үшін жоғары білімі жөніндегі дипломның көшірмесі (бакалавр, маман)