Қазақстан оқу орындары UNAI-da

25.01.2017

Көрулер: 3628

Қазақстанның жоғары оқу орындарын БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (UNAI)  бағдарламасының секциялық мәжілісіне қатысуға шақырамыз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Тұрақты Даму бойынша Әлемдік HUB UNAI  «Университеттердегі білім беру бағдарламасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру» атты 47-ші ғылыми-әдістемелік конференция аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарын «Академиялық ықпал (UNAI)» БҰҰ Бағдарламасы тақырыбына арналған секциялық мәжіліске  қатысуға шақырады.

«Академиялық ықпал» (UNAI) БҰҰ Бағдарламасы – білім мен ғылыми зерттеулер арқылы ұйымның мандаты мен мақсаттарын жүзеге асыруда әлемнің барлық университеттерін Біріккен Ұлттар Ұйымымен белсенді ынтымақтасуға  шақыратын, интеллектуалды мәдениетті қалыптастырып, академиялық орта арқылы әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыратын БҰҰ-ның жаһандық бастамасы. Қазіргі таңда Қазақстанның және Орталық Азияның 20-дан астам жоғары оқу орындары бағдарламаның белсенді қатысушылары болып табылады.

Сонымен қатар, UNAI бағдарламасындағы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері «Жаңа Жібек жолы- БҰҰ моделі» халықаралық жобасына қатыса алады.

Бағдарламаға қатысқан әрбір университет БҰҰ- ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының ресми сертификатын (UNAI) алады, университеттің халықаралық дәрежесін ынталандырып, БҰҰ- ның сайты UNAI бағдарламасы бойынша тізілімге енгізіледі.

Өтетін орны және уақыты: 26 қаңтар 2017 жыл, сағ. 14.00

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасының №408 ауд.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы