Темірбек Қожакеев - ғалым, ұстаз, қайраткер

20.12.2016

Көрулер: 6271

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде қазақ сатирасының негізін қалаған көрнекті ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожакеевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Темірбек Қожакеев - ғалым, ұстаз, қайраткер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ғылыми шара барысында «Қазақ университеті» баспа үйінде «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген Темірбек Қожакеұлы Қожакеевке арналған кітаптың тұсаукесері өтеді. Ғылыми конференция жұмысына көрнекті ғалымдар, республикалық БАҚ басшылары, бұқаралық медиа өкілдері, сондай-ақ, студенттер мен магистранттар, PhD докторанттар қатысады.

Темірбек Қожакеұлы Қожакеев 1926 жылдың 17 желтоқсаны күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген. Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен ерекшеліктерін зерттеп, негізін қалаған ғалым. Ол – қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы, теориясы жөніндегі 200-ден астам мақала мен көркем-публицистикалық очерк, фельетондардың авторы. Қожакеев өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы қазақ сықақшылары қауымдастығының президенті болды. «Мерейлі Меркі», «Керімсал кент» (Е.Сауранбаевпен бірге), «Сатира сардарлары», «Сатира негіздері» кітаптарын, 7- томдық таңдамалы шығармалары, сондай-ақ журналист болсам деп армандаған жас өрендерге арнап «Жас тілшілер серігін» жазған ғалым-ұстаз. Филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев Қазақстан Жоғары мектебі ҒА тағайындаған «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Өтетін уақыты және орны: 2016 ж. 27 желтоқсан, сағат 11.00

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорат мәжіліс залы № 15 қабат

Қосымша ақпарат үшін:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ, әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары  Н.П.Сапарходжаева

Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351; +77019852499

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы