Ермек Тұрсыновтың кітабының тұсаукесері өтеді

08.12.2016

Көрулер: 3560

8 желтоқсан күні сағат 19:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі қазақ режиссері, сценарист, публицист Ермек Тұрсыновтың жаңа кітабының тұсаукесері өтеді. Шараны редакциялық-баспа және дизайн шеберлігі кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ұйымдастыруда және студенттер мен жас ғалымдарды шақырады.

Кітап «СӨЗ» әдеби жобасы негізінде Досым Сәтпаевтың жеке қорының бөлігі ретінде жарияланды.

Ермек Тұрсынов–танымал режиссер, сценарист, КСРО Журналистер одағының мүшесі. Ол Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған (1984); ВГИК жоғары курстарының түлегі (1990). Репортер, редактор ретінде «Мегаполис» газеті, «Қазақстан», «31 арна» телеарна продюсері, бас директоры, бас редакторы қызметтерін атқарды. 2008 жылдан бастап режиссер ретінде «Шал», «Келін», «Кенже» фильмдерін дүниеге әкелді.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондары: ф.ғ.к. К. Жанабаев , Ph.D. Г.Қ. Мұқанова журналистика факультеті, к. 218.