Спорттық медицинаның өзекті мәселелері

30.11.2016

Көрулер: 4636

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Халықаралық спорт, спорт медицинасы және оңалту институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Спорт медицинасының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Литва және Украина спорт медицинасы және оңалту саласындағы жетекші мамандар, республика өңірлеріндегі спорттық дәрігерлер, спорт түрлері бойынша ұлттық командалар мен федерациялар, Алматы қ. спорттық ұйымдарының өкілдері қатысады.

Конференция барысында қарастырылатын тақырыптар: 

1. Спорт медицинасын ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету.

2. Спорт медицинасындағы клиникалық тексеру және функционалды диагностика бойынша заманауи әдістердің рөлі.

3. Спорт медицинасындағы фармакология. Спорт медицинасындағы допингтік емес фармакология. Спорттағы тыйым салынған әдістер мен құралдарды қолданудың құқықтық және клиникалық аспектілері. Допинг-бақылау.

4. Клиникалық спорт медицинасы. Спортшыларды алып жүру, диагностика және емдеу, оңалту және сауықтыру бойынша заманауи тәсілдер.

5. Спортшылар мен студент жастардың психофизиологиялық және функционалдық жағдайын бағалау мен түзетудің заманауи әдістері.

6. Спорттың қысқы түрлері бойынша жарыс өткізу барысында жарақат алу оқиғаларындағы спорттық дәрігерлердің әрекет ету алгоритмдері.

 

Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы 71,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы, 4-қабат

Өтетін күні және уақыты:  2 желтоқсан 2016 ж., сағат 10.00-13.00

Қатысушыларды тіркеу:  сағат 9.00-10.00

Дөңгелек үстел туралы қосымша ақпараттарды ұйымдастыру комитетінің өкілдерінен алуға болады:

Вишнякова Наталья  e-mail: Natalya.Vishnyakova@kaznu.kz,

Тел.: +7 (727) 221 1370 (ішкі 1370), ұялы: +7 (701) 755 3418

Исаева Жибек e-mail: zhibek_doc@mail.ru, ұялы +7 (701)711 6328