«Мен жастарға сенемін!»

25.11.2016

Көрулер: 3559

                              

29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық IV патриоттық форумы өтеді. Байқауға қатысуға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 1,5 мыңнан  астам студент өтініш білдірген.

Студенттік жастар форумының мақсаты жоғары патриоттық түсінігін, өз елі үшін мақтаныш сезімін арттыру және Қазақстан болашағына деген азаматтық және әлеуметтік жоғары жауапкершілікті көтеруге бағытталған.

Форум аясында бір ай көлемінде «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жоба, «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығарма,«Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқаулары бойынша студенттік жұмыстар қабылданды. Форумның бас жүлдесі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жылдық тегін білім алу гранты.

Биылғы жылы әділқазылар «Мен жастарға сенемін!» төртінші республикалық патриоттық студенттік Гала-форумының ақтық байқауына Қазақстанның 14 облысының 63 оқу орнынан 400 үміткердің жұмысын таңдады.

Жобаны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастыруда.

Ақпараттық серіктестері – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.

«Мен жастарға сенемін» Гала форумы 29 қараша күні сағат 16:00-де Алматы қ. Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.

Толығырақ форум туралы http://www.kaznu.kz сайтында танысуға болады. 

 Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(727)377-31-48