Болашағымыз – бірлікте!

23.11.2016

Көрулер: 3878

2016 жылдың 25 қарашасы күні сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз – бірлікте!» атты IV форумы өтеді.

Форумның мақсаты: жас ғалымдардың жетістіктерін талқылауға арналған алаң ұйымдастыру, кәсіподақ ұйымдарының жастар саясаты саласында бір-бірімен тәжірибе алмасуы, және де жастар мәселесіне мемлекеттік, орындаушы және үкіметтік емес ұйымдардың назарын аудару.

Жас кәсіподақ белсенділерінің Форумы жұмысына Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Тұңғыш Президенттің сыныптастары, олимпиада ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы Ермахан Ибраимов, ҚР Мәжіліс Парламенті, Алматы қалалық Маслихат депутаттары, кала әкімдігі басшылары, белгілі мәдениет және спорт шеберлері және үкіметтік емес ұйымдардың басшылығы қатысады.

Форумда Ресей елінің жас кәсіподақ белсенділерімен телекөпір жүргізіледі.

Өтетін орны: Химия факультетінің Малахит залы

Байланыс телефондары: 8/727/2611687, 87783526187 parasat_almaty @mail.ru