«Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» 2016 байқауының ақтық сыны өтеді

22.11.2016

Көрулер: 3209

ҚазҰУ-дың Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» 2016 байқауының ақтық сыны өтеді

Бұл байқаудың мақсаты жастар арасында ұлттық құндылықтарды дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ету, жастардың жеке тұлға ретінде дамуына, рухани кемелденуіне ат салысу, заманауи қыздар мен жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ, салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.

2016 жылдың 23 қарашасы күні  ақтық сында қатысушылар 5 номинация бойынша өнер көрсететін болады: сәлемдесу, шеберлік, сұрақ-жауап, өнер, ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көрсету сайысы.

«Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» 2016 байқауының ақтық сыны 2016 жылдың 23 қарашасында сағат 17:30-да өтеді.

Мекен-жайы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71/24

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Корпоративті БАҚ және қоғаммен байланыс

Тел.: 3773148