Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу

21.11.2016

Көрулер: 3629

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірге  «Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты қоғамда лаңкестікке қарсы түсінікті, сондай-ақ атқарушы билік пен азаматтық ортаның заманауи мегаполис жағдайында радикалды идеологияны тарату мәселесіне байланысты өзара әрекеттесу механизмдерін қалыптастыру болып табылады.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме, ««Қазіргі заман діні» кітабының тұсаукесері мен «Салауат» мәдени орталығының «Антитеррор – мемлекет пен қоғам міндеті» атты деректі фильмнің көрсетілімі болады. Тақырыптық секциялар (ислам, христиан секциялары) жұмыс істеп,  конференция тұжырымдамасы қабылданады.

Конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаев, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма жетекшісі А.Р. Есенбеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлы, ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК директоры З. Шәукенова  қатысады.  Сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар, діни бірлестік,  үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтар, БАҚ өкілдері, арнайы және құқық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері шақырылған. 

Өтетін уақыты: 24 қараша 2016ж.

Орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасының мәжіліс залы, Алматы қаласы, Әл-Фараби 71

Қатысушыларды тіркеу: 09.00-09.45

Пленарлық отырыс: 10.00 - 13.00

Тақырыптық секциялар жұмысы: 14.00-17.00

 

 


Корпоративті БАҚ және қоғаммен

 байланыс басқармасы

Тел.: 3773148

 

Информационное письмо для участника.docxПрограмма в печать финальн. вар.20.11.16.doc