НАТО шағын моделі республикалық студенттік форумы өтеді

18.11.2016

Көрулер: 3772

«Нато мен Орталық Азия елдерінің жастар арасында экстремистік идеологияның таралуына қарсы күрестегі ынтымақтастығы» атты НАТО шағын моделі республикалық студенттік форумы өтеді.

Барлық тілек білдірушілер НАТО шағын моделі іскер ойынына қатысуға шақырылады.

Форумды «Жастар НАТО қызметі жайлы білгісі келеді» евроатлантикалық  қауіпсіздік пен ынтымақтастықты зерттеу орталығы және студенттік ассоциация мен НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық бірлесе отырып ұйымдастырады.

НАТО моделі - әлемде кең тараған студенттік қозғалыс пен оқыту модулі, ол білім беру жүйесінің құрамдас бөлігіне айналған, мыңдаған студенттер қатысатын үлкен форум.

НАТО шағын моделі 2016 бағдарламасы бойынша ашылу рәсімі мен рольдік ойын түрінде отырыстар өтеді. Солтүстікатлантикалық кеңес пен Әскери жоспарлау комитеті қызметінің имитациясы арқылы қатысушылар НАТО мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын, аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін, аймақтағы экстремизмнің таралу мәселелерін қарастырады. НАТО-ға мүше мемлекеттердің және ұйымға әріптес елдердің ұстанымдарын алға тарта отырып, қатысушылар жаһандық қауіпсіздік жүйесіне, халықаралық ынтымақтастық пен қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне қатысты жеке көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл Форум бірқатар әмбебап кәсіби дағдыларды, оның ішінде, парламенттік рәсім ережелерін іс-жүзінде  игеруге көмектеседі. Шараның тағы бір ерекшелігі – студенттер халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін ірі жиындарды ұйымдастыру дағдылары мен дипломатиялық этикет пен хаттама нормаларын қолдануды  үйренеді.

Аталмыш шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Қазақ-неміс  университеті,  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ- мен қоса Алматының жетекші ЖОО-да оқитын 70-ке жуық студенттер қатысады.

НАТО шығын моделі жұмысына халықаралық бақылаушылар ретінде НАТО-ға мүше елдердің дипломатиялық корпус өкілдері мен ғалымдары шақырылған.

Форум ағылшын және француз тілдерінде өтеді.

НАТО Моделі форумы 2016 жылдың 24 қараша күні өтеді

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультетінің ғимараты, Қарасай батыр көшесі, 95, Кіші зал.

Басталу уақыты: 09:30, Тіркелу: 09:00.

Шарадағы аккредитация мен ақпарат сұрақтары бойынша НАТО ақпараттық және ресурстық орталығының қызметкері Беков Қайратпен байланысыуға болады, телефон номері: 8-708- 398-00-83, электрондық пошта: bekov.kairat@gmail.com.