G-Global жаңалықтары

16.11.2016

Көрулер: 3777

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бір белдеу – бір жол» саясатының экономикалық моделі атты онлайн видеоконференция өткізеді.

Онлайн видеоконференцияның мақсаты – қазақстандық сарапшы аудиторияны масштабты трансеуразиялық «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын дамыту мен жүзеге асыру бойынша ҚХР саяси және экономикалық ұстанымдары мен көзқарастарын және атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстыру.

«G-Global» интерактивті алаңында қарастырылатын мәселелер:

- «XXI ғасырдың жібек жолы мен теңіз жолының экономикалық белдеуі» және оны жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері;

- Қытайлық экономикалық бастаманы іске асыруда қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету мәселесі;

- Жаңа Жібек жолындағы қазақ-қытай қарым-қатынас мәселелері;

- Жобаны іске асырудағы энергетикалық аспектілер.

Онлайн видеоконференцияға ППҚ, студенттер, магистранттар және Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының жас ғалымдары қатысады.

Видеоконференция 17 қараша күні 2016 жыл, сағат 10. 00-де өтеді.

Өтетін орны: Алматы қ., әл- Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ректорат, 306- кабинет

Қосымша сұрақтар бойынша тел. + 7 (727) 243- 83- 27,

Моб.: 8 701 713 6268 Дабылтаева Назым Есбергеновна, nazym62@mail.ru