Халықаралық көпір – инновациялық мүмкіндіктер платформасы

14.11.2016

Көрулер: 3370

Журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Гирне Америка университетінің (Girne American University) директоры Орхан Гасаноглумен кездесу өткізеді.

Кездесуде Бакудегі қысқа мерзімді Халықаралық қысқы мектеп және Кипрдегі Жазғы бағдарлама бойынша ақпарат көрсетіледі. 2016-2017 жылы Гирне Америка университеті студенттерге гранттар мен жеңілдіктерге, академиялық бағдарламалармен білім алуға бірегей мүмкіндіктер беріп отыр. 

Кездесу 2016 жылдың 15 қарашасында сағат 11.00-де Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында ұйымдастырылады. 

Жауаптылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Н.Т. Шыңғысова, кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы Д. Байгожина.