ҚазҰУ магистранттары Эразмус+ бағдарламасы аясында Ecole Centrale de Nantes университетінде оқи алады

16.05.2016

Көрулер: 3627

ҚазҰУ магистранттары Эразмус+  бағдарламасы аясында Ecole Centrale de Nantes университетінде оқи алады
Халықаралық ынтымақтастық департаменті Эразмус+  бағдарламасы аясында Ecole Centrale de Nantes университетінде 2016-2017 оқу жылында  білім алу мүмкіншілігі туралы хабарлайды.
Оқытылатын дисциплиналар:
- Қолданбалы механика
- Автоматты басқару, робототехника және қолданбалы информатика
-  Қала құрылысы инженериясы
- EMShip  кеме жобасын жасау
- Азаматтық инженериясы
-  Есептеу механикасы
- Материалдар мен  композициялық  процестер мен технологиялар саласындағы инженерия
- Жүйелер мен желілерді жобалау инженериясы
Міндетті талаптар:
•    Ағылшын тілін В2 деңгейінде меңгеру
•    ҚазҰУ-де  1 академиялық мерзімді  , «A», «A-», «B+», «B» үлгерімімен аяқтаған.
ҚазҰУ талаптары:
•    IELTS  сертификаты  (ең төмен балл– 5)
Грант орындары шектеулі, магистратураға 7 орын ғана ұсынылады.
Өтініш қабылдау мерзімі: 25.05.2016 дейін
Қызығушылық танытушыларға Халықаралық Ынтымақтастық Департаментіне  хабарласуға болады. Ректорат- әкімшілік ғимараты, 12 қабат, каб.1205, тел. 3773446)