«Табысқа жету жолы!» Бос орындар/тағылымдамалар жәрмеңкесі

12.04.2016

Көрулер: 3392

22 сәуір 2016 ж. (9.00-13.00) әл-Фараби Ғылыми кітапхананасында дәстүрлі «Табысқа жету жолы!» Бос орындар/тағылымдамалар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде «КазАтомПром» АҚ, КазТрансГаз, Казақстан Инженеринг, «Атамекен» Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы, Фудмастер, Данон-Беркут, APPLE City Distributors, Филипп Моррис Казахстан, Марс Казахстан, Қазақстан Ұлттық Банкі, Казкоммерцбанк, Қазақстан Халық банкі, Сбербанк, т.б. қазақстандық және халықаралық компаниялардың бос жұмыс орындары, бағдарламалары және тренингтері ұсынылады. Жәрмеңкенің қатысушылары бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндеме ұсынып, HR-менеджерлермен әңгімелесуден өте алады.

Бос орындар жәрмеңкесі аясында жұмыс берушілердің қатысуымен табысты мансап құру жөніндегі шеберлік сыныбы, тренинг және семинарлар өтеді.