«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

07.04.2016

Көрулер: 2642

2016 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты V Халықаралық студенттік форум  өтеді.

Форумның негізгі мақсаты студенттер мен жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру мен тұрақты дамуды қамтамасыз ететін және экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу, қарым-қатынасты нығайту.

Форумның бағдарламасы:

Толық мәжіліс жұмысы;

Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша:

  • «Тұрақты даму үшін әлеуметтік жобаларды алға бастыру және студенттерде экологиялық мәдениеттің қалыптасу проблемасы»; 
  • «Тұрақты даму және жасыл экономика мәнмәтініндегі «ерекше қорғалатын табиғи аймақтар»»;
  • «"Жасыл" экономикаға өту: білімнің, ғылымның және өндірістің өзара әрекеттестігі».

Форумға қатысу үшін форумның ресми сайтына тіркелу қажет http://greenbridgework.kaznu.kz/

Форумның нәтижесінде форум мәліметтері мен мақалаларының жинағы (қағаз нұсқасы) жарыққа шығады, сондай-ақ электронды нұсқасы http://greenbridgework.kaznu.kz/ жарияланады.

Форумның өту мекенжайы мен уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасы. 4-қабат, конференция залы.

Басталуы: сағат 10:00

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050040, Қазақстан, Алматы, әл-Фараби даңғылы 71,ЦОС «Керемет»», 2-қабат, 205 кабинет, ТоқтагүлАқерке (87089603806).

Байланыс телефондары:8(727) 377 3148; 8(727) 377 3148/49

ҚазҰУ баспасөз қызметінің телефондары: 8(727) 377 3148;   8(727) 377 3148/49