«SFERA» Халықаралық еріктілер лагерінің семинар-презентациясы өтеді

06.04.2016

Көрулер: 2698

Құрметті әріптестер мен студенттер!

8-сәуір 15:00-де (107 мәжіліс залы) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» «SFERA» Халықаралық еріктілер лагерінің семинар-презентациясы өтеді.

Бұл кездесуде халықаралық волонтерлық лагері әлеуметтік жобаларына қатысу және оның ережелері түсіндірілетін болады. Осыған байланысты, қызығушылық танытушыларды осы шараға қатысуға шақырамыз.  

Семинарды Қазақстандағы жоба өкілдіктері өткізеді:

Атқарушы директор - Калимолдаева Гулмира Қуанышқызы 8/727/3975370, 8/707/7017116

Жоба үйлестірушісі – Құрманбаева Дина Аниятқызы 8/701/1522264, 8/747/8835716

 

Халықаралық волонтёрлік лагерь дегеніміз не?

Волонтерлік лагерь (workcamp) – бұл қысқа мерзімді, әдетте 2 аптадан 3 аптаға дейін, әлемнің барлық дерлік еліндегі әлеуметтік жоба. Жоба командасы бір мемлекеттің 2 өкілінен аспайтын әр түрлі елдердің 10-20 волонтерінен тұрады. Волонтерлік лагерь жұмысына қатысу – бұл өзге ұлттардың мәдениетімен танысуға, сондай-ақ өз уақытымызды өзімізге және өзгелермен тиімді өткізудің бірегей мүмкіндігі болып табылады!