Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге

05.04.2016

Көрулер: 3989

7-8 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым – микробиолог, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» ордерінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған,  «Қазіргі биотехнология мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда биотехнологиядағы заманауи ғылыми мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар G-Global кешенінде Дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы орта және жоғарғы мектептерде заманауи маман – биотехнологтарды жұмысберушінің заман талабына сай дайындау болып келеді.

Конференция жұмыстарына Германия, Ресей және ТМД мемлекеттерінің биология, биотехнология, медицина және экология салаларында жұмыс жасайтын, белгілі ғалымдары   қатысады.

Конференцияда ғылыми ізденіс нәтижелері 5 кілттік спикерлермен тағайындалады, 300 баяндаушы ауызша және көп көлемде қабырғалық баяндама жұмыстары қарастырылады. Осы жұмыстарға байланысты келесідей секциялар ұйымдастырылған:

  • Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің биотехнологиялық жән генетикалық потенциалдары.
  • Экологиялық биотенология және биоэнергетиканың өзекті мәселелері.
  • Медицина, ветеринария және ауылшаруашылығында жаңа биотехнологиялық препараттар дайындаудың практикалық шешімдері.

Конференция ұйымдастырушылары биотхнология саласының Қазақстандағы ұйымдастырушылары болып табылады, олар:

  •  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми – зерттеу институты
  • Эология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстан Республикасының Ұлттыз биотехнология орталығы
  • ҚР БҒМ микробиология және вирусология иституты
  • ЖШС «Антиген» ғылыми – өндірістік орны
  • Ақпараттандыру ұлттық орталығы АҚ
  • «Центр педагогических технологий информатизации образования» білім беру орталығы
  • «ЭКСТРАПРЕСС Ко» шұғыл басылым орталығы

 

Ұйымдастырушы одақ