«Central Asia: Sustainable Development and Youth» атты халықаралық онлайн конференция өтеді

31.03.2016

Көрулер: 3421

“Фараби оқулары” атты дәстүрлі халықаралық ғылыми форум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті «G-Global» интерактивті платформасында «Central Asia: Sustainable Development and Youth (Educational Context)» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді.

Тұрақты даму аясындағы білім – болашаққа көзқарас, құндылықтарды нығайту және табиғат пен қоғамның жай-күйі туралы хабардар болу секілді барлық аспектілерін қамтитын серпінді құрамдас болып табылады. Ол жас ұрпаққа жарқын болашақ құруға мүмкіндік береді. Әлемдік білім беру кеңістігіне Қазақстанның интеграциясы бүкіл қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды факторы.

Онлайн конференцияның мақсаты - тиімді ілгерілету нысандарын анықтау және тұрақты даму қызығушылық шеңберінде білім беру саласындағы ынтымақтастық.

Келесідей бағыттар бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен Орталық Азия және Қазақстан ЖОО-дары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады: тұрақты даму аясында ұлттық білім беру, қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізудегі жастардың рөлін арттыру, жоғары білімді жаһандандыру және т.б.

Онлайн конференцияға қатысу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әріптес университеттер шақырылады: Мичиган Университеті (АҚШ), Скрэнтон Университеті (АҚШ), “Американдық Кеңес” (АҚШ), Томас Университеті (Канада), Назарбаев Университеті (Қазақстан).

Өтетін уақыты: 7 Сәуір 2016 ж., 19:00 Алматы уақыты бойынша

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, Ректорат мекемесі, 308-ауд.

Байланыс ақпараты: Америка және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы директоры, профессор Кукеева Ф.Т., ұялы тел..: 8 777 265 65 47;

Халықаралық қатынастар факультетінің декан орынбасары Деловарова Л.Ф., ұялы тел..: 8 701 365 88 08.