«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда арт-терапияны қолдану» көшпелі семинар-тренингі

30.03.2016

Көрулер: 3404

ҚазҰУ-да «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда арт-терапияны қолдану» көшпелі семинар-тренингі өтеді.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты 2016 жылдың 1-2 сәуір аралығында жалпы білім беретін ұйымдардың психологтарына, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына, пән мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда арт-терапияны қолдану» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізеді.

Семинарды педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры Мадалиева Забира Бекешовна және PhD докторанты Жолдасова Манзура Кенесбеккызы өткізеді.

Семинардың мақсаты: тестілеу алдында түлектермен психологиялық бағытта (арт-терапиялық) жұмыс жүргізу туралы жүйелі және ғылыми-негізделген түсінік беру.

Координатор: Салтанат 221 14 63