Оқиғалар мен анонстар

Орталық Азиядағы инженерлік қоғам федерациясының бірінші халықаралық кеңесі өтеді

11.12.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Инженерлік білім берудің сапасын қадағалау жүйесі: білім бағдарламаларын аккредитациялау және инженерлік сала мамандарын сертификациялау» тақырыбында Орталық Азиядағы инженерлік қоғам федерациясының бірінші халықаралық кеңесі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«М. Әуезов және оның шығармаларын корей тіліне аудару (Хван Дин)» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

09.12.2015

Шығыстану факультетінде «100 кітап» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «М. Әуезов және оның шығармаларын корей тіліне аудару (Хван Дин)» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы VII Республикалық шығарма байқауын өткізеді

09.12.2015

Хабарландыру

«Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың алматылық Конфедерациясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен ЮНЕСКО орталығы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына арналған патриоттық тақырыпта мектеп және орта оқу орындары оқушыларының арасында VII Республикалық шығарма байқауын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Өтеген Күмісбаевтың өнегелі өмірі

08.12.2015

Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы «Гүлістан» үйірмесінің ұйымдастыруымен Республикалық «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген ҚР Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өтеген Күмісбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Дәру болсам деп едім» атты кітаптың тұсауы кесіледі

08.12.2015

Биология және биотехнология факультеті мен ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен ежелгі Қытай дәстүріндегі емдеу тәсілінің маманы, Тибет Медицинасы саласындағы халықаралық деңгейдегі емші Сариева Әсеткүл Ешенбекқызының «Дәру болсам деп едім» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандық шығыстану: қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

07.12.2015

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы қолдауымен «Қазақстандық шығыстану: қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.


Ары қарай оқу >>

Мысыр ғалымдарының қатысуымен «Мәмлүктер мемлекетінің тарихы» атты ғылыми семинар өтеді

07.12.2015

2015 ж. 8 - 26 желтоқсан күндері сағ. 09.30-13.30 аралығында Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері арасындағы тарихи, саяси-экономикалық, дипломатиялық, мәдени қарым-қатынастар және Мысырдағы мәмлүктер мәмлекетінің қалыптасуы мен дамуына байланысты «Мәмлүктер мемлекетінің тарихы» атты ғылыми семинар өтеді. Ғылыми семинарда Мысыр Араб Республикасындағы Каир университетінің профессоры, доктор Әбулхасан Махмуд Бакри Муса мырза дәріс оқиды. Семинар араб және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>