Оқиғалар мен анонстар

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

07.04.2017

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебі МВА «6M052000 - Іскерлік әкімшілік жүргізу» мамандығына оқуға ниет білдірірушілерді шақырады.

Ары қарай оқу >>

Саясаттану бойынша студенттер арасында республикалық конкурс жарияланады

05.04.2017

ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттерімен кездесу барысынды қазақстандық саясаттанушы Ерлан Карин жыл сайынғы өткізілетін жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауын жариялайды. Зияткерлік байқаудың жеңімпаздары үшін арнайы танымал ғалымдардың: Т.Т.Мустафин, С.Е.Жусупов, М.С.Машанов және Н.Э.Масанов атындағы шәкіртақылар тағайындалады.

Ары қарай оқу >>

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

04.04.2017

2017 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» ІV Халықаралық студенттік форумы өтеді.

Ары қарай оқу >>

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

03.04.2017

 4-18 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы IV Халықаралық  Фараби оқуларын өткізеді. Онкүндік оқуларды «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби Форумы ашады.

Ары қарай оқу >>

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

03.04.2017

 Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына 25 жыл толуына орай 2017 жылдың 7-ші сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде IV-ші Халықаралық Фараби оқулары аясында "Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі рөлі" атты ғылыми дөңгелек үстел өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Біліктілікті көтеруге арналған халықаралық цикл

31.03.2017

ҚазҰУ-дың эпидемиология және гигиена кафедрасы 2017 жылы 3-8 сәуір аралығында «Химиялық қауіпсіздік аумағындағы қоршаған ортаны  қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында өткізілетін халықаралық циклға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

30.03.2017

«Техникалық-экономикалық дәлелдеу және жобаларды басқару» орталығы Сіздерді ақылы түрде көрсетілетін келесі бағыттағы қызметтердің тізімімен хабардар етеді:

 - барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалар үшін техникалық-экономикалық дәлелдеу және бизнес жоспарлар жасау саласында консалтингтік қызметтер көрсету;

- жобаларды басқару саласында студенттер, магистранттар, PhD докторанттар, сондай-ақ бизнес-құрылымдар, білім беру қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер үшін тренингтер жүргізу;

- жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу. 

Ары қарай оқу >>

ЭӘДҰ бағдарламаларын жүзеге асыру негізінде

29.03.2017

2017 жылдың 7 сәуірінде  Астана қ. Expo-2017  Бүкіләлемдік көрмесіне арналған  IV Халықаралық  Фараби оқулары аясында «Қоршаған орта қауіпсіздігі мен денсаулық. Заттардың қауіпсіздігі: ЭӘДҰ бағдарламалық бағыттарын  жүзеге асыру»  мультидисциплинарлық секциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі таңдағы ортаазиялық зерттеулердегі “академизм”

29.03.2017

ҚазҰУ-дың cаясаттану және саяси технологиялар кафедрасы және Central Asia Policy Group аймақтық сараптама алаңы Фридрих Эберт қорының қолдауымен «Қазіргі таңдағы ортаазиялық зерттеулердегі “академизм”  мәселесіне жаңа көзқарас» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>