Жалпы мағлұмат

Оқу әдістемелік секция (бұдан әрі ОӘС) – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі құрамының кеңес беруші ұйымы болып табылады.

РОӘК өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің Ережесін және т.б. ҚР БжҒМ нормативті құжаттарын басшылыққа алады.

Оқу-әдістемелік секция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанында 1992 жылы құрылды.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ОӘС Қазақстандағы ең ірі оқу-әдістемелік орталық болып табылады. Ол жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 114 мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кеңес беруді қамтамасыз етеді.

ОӘС қызметінің негізгі бағыттары:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтар бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

4) жаңа мамандықтар ашуға қатысу;

5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен, Ұлттық тестілеу орталығымен, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және т.б. өзара тығыз қарым-қатынаста.

6) оқу жүйесін ұйымдастыру мәселелері бойынша Республиканың жоғары оқу орындарымен әдістемелік кеңес жүргізу.

ОӘС құрылымы:

  • · ОӘС қызметіне төраға – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Г.М.Мұтанов басшылық етеді.

  • · ОӘС төраға орынбасары қызметін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Д.Ж. Ахмед-Заки атқарады.

  • · құжаттар мен іс-қағаздармен жұмыс, ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарын жүгізуді ОӘС ғалым хатшысыА.С. Сырғақбаева орындайды.

ОӘС қызметкерлері:

Бекдайырова М.Е. – жоғары дәрежелі методист

Телгараева Л.Б. – жоғары дәрежелі методист

Карканова А.Ж. – жоғары дәрежелі методист

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ОӘС құрамына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік комиссиялар мен ішкі секциялар кіреді.