социально-воспитательная работа за 2013-2014 учебный год

15 февраля 2014 года со своей группой ходили в Академический Театр и Оперы имени Абая. Тема просвещения народа в творчестве Абая Кунанбаева приобрела огромное социальное звучание. Он обращается к тем, кто «сердцем прозорлив и чуток». Поэт становится властителем дум. Он воспитывает у молодежи тягу к знаниям, упорство в достижении цели: «Но в груди, если пламя живет, не погибнет оно и в пургу...»Лирические стихи Абая с большим мастерством передают оттенки душевных переживаний, движение больших человеческих чувств. В стихотворениях «Шлю привет, тонкобровая...», «Ты - зрачок глаз моих». «И краснеешь, и бледнеешь...», «Язык любви - язык без слов...» воспеваются сила любви, красота женщины.Стихи «Лето», «Осень», «Зима», «Весна» положили в казахской поэзии начало пейзажной лирики.Абай соединил элементы пейзажной, любовной лирики с философскими обобщениями и просветительско-гуманистическими идеями.Абай - поэт-новаторОн способствовал утверждению в казахской литературе жанра поэмы. Им созданы поэмы «Масгуд», «Искандер», «Сказание об Азиме».Истинный мыслитель, художник слова, Абай Кунанбаев внес значительный вклад в развитие художественной прозы.«Назидания» - «Гаклия» состоит из 45 «Слов назиданий», многообразных по тематике. Центральная идея, пронизывающая гуманистические по содержанию «Слова назидания», - вера в торжество человеческих идеалов, в безграничные возможности родного народа. Опера прошла на высоком уровне.

Участвовавшие: Старший куратор-эдвайзер Акболатова М.Е., Куратор-эдвайзер 103 группы Джетибаев Н.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ білімнің алтын бесігі» атты жарыс нысанындағы ашық сабақтың

ЕСЕБІ

Алматы, 2014

Шараның атауы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ білімнің алтын бесігі» атты жарыс нысанындағы ашық сабақ

Өткізу уақыты: 26 ақпан 2014 жыл, сағат 16.00

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, заң факультеті, 411 аудитория.

Деңгейі: факультет деңгейінде

Шараның ұйымдастырушылары: Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, 317-топтың куратор-эдвайзері Арын А.А.

Шақырылғандар: Қазақ Ұлттық Университетінің Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әбішев Талғат Болатұлы, Тәрбие жұмысы жөніндегі Департаментінің жетекші-маманы, заң факультетінің және басқа да факультет оқытушылары, кафедра меңгерушілері, заң факультетінің 1-3 курс студенттері.

Қатысушылар: «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е., кафедра меңгерушісінің оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., доцент Маликова Ш.Б., факультеттің аға эдвайзері Шопабаев Б.Ә., факультет деканының құқық қорғау органдарымен байланыс жөніндегі орынбасары Сатыбалдинов Ж.Д., кафедраның барлық оқытушылары.

Шараның мақсаты: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдығымен барлығын құттықтай отырып, университетіміздің тарихы, білім жүйесі мен жетістіктеріжайлы мағлұмат беру.

Шараның қысқаша мазмұны:

1.кезең

Ассалаумағалейкум дана қазақтың мұрасы, асылдың сынығы, алаш деген атына заты сай қазақтың қайсарлары мен қаракөздері.

Бүгін біз талайды білімнің нәрімен сусындандырған,талайға болашаққа деген қилы заманның қилы қадамын аттауға үміт берген,талайлардың қанатын қатайтып, самғауына демеу берген,талай ақынды шабыттандырған қасиетті қара шаңырағымыз ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келдіңіздер!

( кеш қонақтары таныстырылады)

Кешіміздің алғы сөзін қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Аратұлы Қуаныш ағайға береміз.

2.кезең Интеллектуалдық ойын

Бұл кезеңнің барысы топ студенттері 2 командаға бөлініп интеллектуалдық ойында бақтарын сынайды.

1) Ортаға сап ойларды табыстырсын

Тіл найзаны бірімен шалыстырсын.

Әр топтан өз топтарын алдыменен

Тобының көшбасшысы таныстырсын.

Таныстырып болған соң әрі қарай жылжимыз.

2) Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы- демекші Абай атамыз, ойынымыздың келесі айдары « жүйрік болсаң шауып көр» .Бұл бойынша студенттер қалташада жасырынған екі сөзді таңдап,сол сөзді университетімізбен байланыстырып мағына береді. Сәйкесінше ұпай сандары да есептелініп отырады.

3) Жалғайтын үмітті қалған қосылмай,

Әрбіреуі сый секілді тосындай.

Біліп жүргің,білмегенің біліп ал

ҚазҰУ-ымның студенттері осындай.

Интеллектуалдық ойынның бұл кезеңінде екі топ студенттеріне 10-10 нан сұрақтар қойылып,білім деңгейлері сыналады.

4) Төле би ,Қазыбектің дара жолы

Алаш Орда арғымақ қара жолы

Шешен болсаң сөйлеп көр бұл айдары

Қарашаш,Жиреншенің сара жолы.

Ойынның соңғы бөлімі. Бұл бөлімнің барысы қорапшада жасырынған сөздерді студенттер біртіндеп кезекпен алып ишара арқылы өз тобына жасырады. Жиналған ұпай саны бойынша мықтылар анықталады.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,

Ең мықтысы табылар алысқанда.

Кім мықтыны анықтау мақсат емес

Не жетеді қол қысып табысқанға!

Студенттер бір-бірімен қол алысып ойынды тәмәмдайды.

Қорытынды

Бүгінгі кешті ұйымдастыруда кеден ісі 310-тобына жетекшілік етіп отырған қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Арын Айжан Арынқызы кештің қорытындысын жасайды.

Осы ҚазҰУ білімге теңіз болған,

Осы ҚазҰУ қазаққа егіз болған.

Осы ҚазҰУ қазақтың көзін ашып

Қазақ боп құрылуға негіз болған.

Орын жоқ сол мінезге жасқанатын

Кез келді қайсар мінез басталатын.

Әлі талай элита шыгады ғой...

Әрі қарай қазақты басқаратын!

Құрметті кеш қонақтары мен студенттер! Бүгінгі ұйымдастырып отырған кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айта отырып,сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас жігер тілейміз! Қош сау болыңыздар!

Фотоқұжаттар: есепке тіркелген

Куратор-эдвайзер Арын А.А.

Іс-шараның атауы: "Ұлылықты ұлықтаған ұстазым" атты ұлы ғұлама әл-Фарабиге арналған дөңгелек столды өткізу туралы

Іс-шараның өткізілген уақыты: 10.03.2014 сағат 14:00

Іс-шараның өткізілген орны: Заң факультеті 411 ауд.

Деңгейі: факультет деңгейінде

Іс-шараны ұйымдастырушы: Қылмыстық құқық, қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Избасова А.Б.

Қатысушылары: 3-курс студенттері және кафедра оқытушылары: Маликова Ш.Б., Атаханова Г.М., Бисенова М.К., Акболатова М.Е., Жугралина Б.М., Мухамадиева Г.Н., Баяндина М.О., Алимкулов Е.Т., Жанибеков А.Қ., Нурмаганбет Е.Т., Ергали А.М., Аратұлы К., Бисенгали Л., Арын А.А., Дүзбаева С.Б., Базилова А.А.

Іс-шараның мақсаты: ұлы ғұлама әл-Фарабидің өмірі мен еңбектерімен танысу

Іс-шараның қысқаша мазмұны:

2014-жылдың 10-наурызында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Ұлылықты ұлықтаған ұстазым" атты ұлы ғұлама әл-Фарабиге арналған дөңгелек үстөл өткізілді. Дөңгелек үстелдің жүргізушісі болып 307-топтың старостасы Сағынбаева Әсем тағайындалды. Ал қатысушылар 3-курс студенттері болды. Дөңгелек ұстел барысында студенттер әл – Фарабидің өмірімен және еңбектерімен байланысты баяндамаларын оқыды. Кейіннен студенттер бір-бірлеріне сұрақтар қойып, талқылау сатысы басталды.

Әсіресе неғұрлым көп көңіл ұлы ғұламаның құқықтану саласымен байланысты еңбектеріне бөлінді. Іс-шара соңында ең үздік баяндамаларға мақтау қағаздары беріліп марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

Алматы қаласы, Орбита -3 шағын ауданы, 27 көшеде орналасқан,

№1 Балалар үйіндедегі, 103-топ студенттерінің балалармен кездескен кездесуінің есебі:

1.04.2014 жыл

Қатысқандар: 103-топ куратор-эдвайзері Жетібаев Н.С, және з.ғ.д., профессор Ибраева А.С., және 103-топ студенттері Азидолла А, Айжарықова А, Тарихова Ж, Қасымбекова А, Көпбаев Н. 1 сәуір 2014 жыл.

Өткізілген орыны: Алматы қаласы, Орбита -3 шағын ауданы, 27 көшеде орналасқан,№1 Балалар үйі Уақыты: сағат 9.00.

Алматы қаласы, Орбита -3 шағын ауданы, 27 көшеде орналасқан,№1 Балалар үйіне. 1 сәуір 2014 жылы, 103-топ куратор-эдвайзері Жетібаев Н.С, және з.ғ.д., профессор Ибраева А.С., және 103-топ студенттері Азидолла А, Айжарықова А, Тарихова Ж, Қасымбекова А, Көпбаев Н бардық.

Аталған балалар үйінде біздің студенттер балалар үйінің тәрбиеленушілермен кездесіп, олардың күнделікті тыныс тіршілігімен танысты. Ата-анасыз өсіп жатқан балалар өздерінің барлық ықыластарын сол жердегі тәрбиешілерден көріп жатқандығын көрсетті. Біздің студенттер оларға әртүрлі ойыншықтар мен бұйымдар және киім кешектер алып барды.

Сондай ақ біздің студенттер, оларға көптеген әндер мен тақпақтар айтып олардың көңілдерін жадыратты. Сонымен қатар, осы студенттер өздерінің тарапынан осы бүлдіршіндерге арнап университеттеттің тарапынан көптеген қызықты ақпараттар көрсете білді.

Тобымыздың студенті Тарихова Ж, Қасымбекова А балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге арнап ән салды және өлең оқып берді. Ал Көпбаев болса оларға арнап домбырамен ән тартып, көңіл күйін қандырып күй тартты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері университеттен келген ағалары мен әкпелерінің өнеріне тәнті болып оларға зор ықыластарын білдірді.

Балалар үйінің дирекциясы тарапынан ҚазҰУ заң факультетінің 103-тобының студенттеріне алғысын білдіріп және осы топтың куратор-эдвайзері Жетібаев Н.С., және з.ғ.д., профессор Ибраева А.С. рахметін айтты.

7 апреля 2014 года в 11-00 в рамках мероприятий, посвященных 80-летию Казахского Национального Университета имени аль-Фараби, студенческий волонтерский клуб «Шапағат» кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики провели мероприятие по озеленению , в рамках проекта «Айналаңды нұрландыр» в Алматинском городском доме-интернате для инвалидов и лиц с психоневрологическими расстройствами.

Ответственные: руководитель СВК «Шапағат» ст. преподаватель Акболатова М.Е., председатель Сулейменов Б., Муратова А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы


«100 кітап аясында өткізілген»

«Гомердің Иллиада»

Романын 103 топта талқылау есебі

10.04.2014 жыл


103-топ куратор-эдвайзері Жетібаев Н.С., қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға куратор-эдвайзері Ақболатова М.Е..

Өткізілген орыны:Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ кітапханасы Уақыты: сағат 13.00.

Антикалық кезеңдегі романда қамтып жазған бұл роман қазақ қауымы үшін қызығушылық туғызады. Көптеген халықтардың мифі бұл ең алдымен құдай жөніндегі миф. Ежелгі Грекияның Мифтерінде көбінесе, құдайлар жайлы емес, батырлар жайлы айтылады. Батырлар бұлар өлімге басын тіккен әйелдердің балалары, олар көптеген ерліктер жасап өз елдерін қара зұлым күштерден тазартып отырған. Жер бетіне олар қаупі туғызған кезде, бірін бірі олар ұлы соғыста жеңіп

Трояның қасында өздерін көрсеткен. «Троя»— кіші Азиядағы Дарданелл бұғазының қасындағы ұлы қаланың атауы.Осы жайлы көзі көрмейтін әнші және жазушы Гомер жақсы жазған. Бұл эпизод— «Ахиллдің ашулануы Троян соғысының он жылға созылғанын көрсетеді. Трояға шабуыл жасау үшін ондаған грек патшалары мен көсемдері жүздеген кемелермен сан мыңдаған қолмен шабуыл жасауға шыққан. Құдайлардың өзі соғысқа қатысты, гректерге аспан патшасы Гера мен ақылды көшбасшы Афина көмектескен.

Соғыс басталып, батыр Пепелдің және теңіз құдайы Фетиданың арасында неке қиылды. Осы некеден Ахилл дүниеге келді.Әр құдай өзінше уәдесін берді Гера оны бүкіл әлемнің патшасы жасаймын деді, Афина болса батыр және данышпан жасаймын деді, Афродита болса әдемі әйелдің күйеуі жасаймын деді. Парис Афродитаға алмасын берді. Осыдан кейін Гера мен Афина Трояның мәңгі жауы болып қалды. Жалпы алғанда тобымызбен осы романды талқылау арқылы біз Ежелгі Грекиядағы өмір сүру салтының қандай жоғары және мәдениетті болғаныдығын байқаймыз. Топ студенттері аталған кітапты талқылау арқылы рухани тұрғыда байып қалды.

103-топ куратор-эдвайзері: Жетібаев Н.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде «Мейірімділік апталығына» орай Алматы қаласының Ардагерлер үйінде өткізілген мерекелік іс-шараның

Өткізу уақыты: 21 наурыз 2014 жыл, сағат 11:00.

Өткізу орны: Алматы қаласының Ардагерлер үйі.

Деңгейі: Факультет деңгейінде

Шараның ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Арын А.А.

Шақырылғандар: Алматы қаласы Ардагерлер үйінің директоры, қарттар, заң факультетінің оқытушылары және 1-3 курс студенттері.

Қатысушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары және 1-3 курс студенттері.

Шараның мақсаты: «Мейірімділік апталығына орай» ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға сый-құрмет көрсетіп, олардың көңілдерін аз да болса көтеріп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен және келе жатқан Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап, мерекелік іс-шара өткізу.

Шараның қысқаша мазмұны: Алматы қалалық ардагерлер үйi 350 қарияға шақталған. Бүгiнде 312 адам тiршiлiк етуде. 60 шақты қазақтың қарты да осы жердi паналаған. Сондай-ақ, 18 соғыс ардагерi бар. Қалғандары еңбек ардагерлерi және зейнеткерлер. Мұнда 58 жастан әйелдер, 63 жастан ер кiсiлер қабылданады. Ең үлкен қария – 98 жаста. Өткен жылы мекеме қыз­меткерлерi 10 қарияны ақтық сапарға шығарып салыпты. Биыл үш айдың iшiнде 15 адамды қамқорлығына алған. Зейнеткерлiкке шыққан әрбiр жалғызбасты азамат қарттар үйiне келуге құқылы. 4 мезгiл ыстық тамақ берiледi. Мұнда бағып-қағатын адамы, жағдайы жоқ жандар күнелтедi.

Аталған іс-шарада студенттер тарапынан әндер де шырқалып, би де биленді, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ардагерлер үйінің директоры мен сол жерде тұрып жатқан қарт адамдар қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушыларына, заң факультетінің студенттеріне үлкен алғыстарын білдіріп, жастардың үлкенге деген сый-құрметін арттыру үшін болашақта да осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұру қажеттігін айтты. Шараның соңында студенттер барлық ардагерлерді биге шақырып, жастық кездерін еске түсіріп, көңілдерін тағы бір көтерді.

Фотоқұжаттар: есепке тіркелген


Қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының меңгерушісі Р.Е.Джансараева

«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының куратор-эдвайзерлері Алматы қаласының №1 балалар үйіне барып, «Балалар құқығын қорғау» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткіздік. Студенттер тақырыпқа байланысты түрлі презентациялар, материалдар дайындап, аталған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «құқық», «заң» туралы түсінік беріп, олардың құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұматтар берді. Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен интеллектуалдық ойындар ойнап, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.

ТАБАГАН