Кафедра жаңалықтары

Total Energy жазғы мектебінің жабылу рәсімі 

14 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғ.М. қатысуымен, бірінші проректор Бүркітбаев М.М., сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі, Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, TOTAL компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Орсариев А. және француз депутаттар тобының қатысуымен Total Energy компаниясының жазғы мектебінің жабылу рәсімі өтті.

Total - француз мұнай-газ компаниясы Royal Dutch Shell, British Petroleum және ExxonMobil кейін әлемдегі өндіріс көлемі бойынша төртінші орында. ҚР-да - Қашаған кен орны (үлесі 18,6%).

Маусымның 11-15 маусым аралығында «Total Energy» жазғы мектебі келесі модульдер бойынша өтті:

  • Кен орындарын барлау және өндіру («Бұрғылау және бұрғылау техникасы», «Мұнай және газ: жобаларды басқару»);
  • Мұнай-химия өнеркәсібі («Мұнай-химия және пластмасса: олардың жылдам дамуы мен тұрақтылығы», «Ауыр мұнайдың сапасын жақсарту»);
  • Халықаралық құқық («Мемлекет және корпорациялар: орнықты даму және әлеуметтік-корпоративтік жауапкершілік»);
  • Халықаралық қатынастар («Талантты және көшбасшылықты дамыту», «Менеджмент дағдарысы және байланыс дағдарысы»).

___________________________________________________________________________________________________________________________________________

Гонконг Политехникалық Университетімен халықаралық ынтымақтастық

23 мамырда халықаралық ынтымақтастық аясында механика-математика факультеті мен математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасына профессор Лин Янпинг, қолданбалы математика кафедрасының профессоры және Гонконг Политехникалық Университетінің 3-4 курс студенттері келді. Кездесу барысында біздің ЖОО-да оқу туралы ақпарат ұсынылып, сондай-ақ естелік сыйлықтар берілді. МКМ кафедрасының студенттерінің көмегімен ҚазҰУ-дың кампусына экскурсия жасалды.


____________________________________________________________________________________________________________________________________
МКМ студенттері Nazarbayev University өткен пәндік олимпиададан жүлделі орындарға ие болды

Назарбаев Университетінде 2018 жылдың 20-21 сәуір аралығында Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олимпиада жыл сайын командалық және жеке жарыс түрінде өткізіледі. Жеке біріншілікте үшінші орынды МКМ мамандығының 3, 4 студенттері Абай Азат, Ногуева Аида және Сабирова Роза алды. Командалық біріншілікте біздің команда мүшелері Абай Азат, Ногаева Аида, Сабирова Роза 2 орын алды.

___________________________________________________________________________________________________________________________________

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті магистранттары тәжірибеден өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Даулет Бешеев математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында  2018 жылдың 4-15 ақпан аралығында тәжірибеден өтті.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

«Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында қарттар үйінде концерт қойылды

14.02.2018 күні механика-математика факультетінің МКМ кафедрасының  аға эдвайзері Абдрахманова Н.Т. мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Абай мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан қарттар үйінде концерт қойылды. Концертте тек студенттер емес қарияларымыз да өз өнерлерін ортаға салды. МКМ кафедрасының оқытушылары мен студенттері қайырымдылық шарасына қаржы жинап, қарттар үйіне кішігірім сыйлық жасады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп, ежелден үлкендерді силап өскен халықпыз. Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсатының бірі – студенттерді әдептілікке, ата-ана борышын  ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

"Алгебра, Логика және Геометрия" атты олимпиада жеңімпаздары аталды

МКМ мамандығының 2 курс студенті Мақұлбек Асылан "Алгебра, Логика және Геометрия" атты олимпиаданың екінші орын жүлдегері атанды.



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Ресей Халықтар Достығы Университеті арасындағы қос дипломдық білім беру бағдарламасы туралы келісім-шарт 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Ресей Халықтар Достығы Университеті (Мәскеу қаласы, Ресей) магистратура бойынша «Қолданбалы математика және информатика» атты қос дипломдық білім беру бағдарламасын ашып, іске асыруда.

Қос дипломдық білім беру бағдарламасы туралы келісім-шарт (Келісім-шартҚосымша)