ҚазҰУ 80 жыл

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде университетіміздің 80 жылдық мерейтойына байланыста келесідей іс-шаралар өткізілді:

«Al-Farabi Smart City – Healthy City» атты акция-марафон

2014 жылдың 30 сәуірінде сағат 16.00-ден 18.30-ға дейін №17 студенттер үйінің ауласында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында университеттің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Al-Farabi Smart City – Healthy City» атты акция-марафон өткізілді.Акция-марафонға филология, әдебиеттану және әлем тілдероі факультетінің студенттері мен кафедра клуб-үйірмелерінің жетекшілері мен мүшелері, Алматы қ. салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары белсене ат салысты. ҚазҰУ территориясында темекілерді тәттіге алмастыру науқаны қызу түрде жүрді. Қатысушылар темекі жинаудан сайысқа түсті, белсенді қатысушылар сыйлықпен марапатталды.

"Зиянды әдеттерге бірге қарсы тұрайық!" атты эстафеталық ойын.

2014 жылдың 30 сәуірінде сағат 16.00-ден 18.30-ға дейін №17 студенттер үйінің ауласында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында университеттің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Зиянды әдеттерге бірге қарсы тұрайық!" атты эстафеталық ойын өтті. Ойынға кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамының жетекшіліктерімен жұмыс істейтін барлық клуб үйірмелері қатысты: "Жерұйық", "Жас лингвисттер", "Сот-лингвистикалық сараптама", "Роман-герман", "Түркі әлемі", "Professionals", және т.б.

"80 жылдыққа 80 адамдық флеш-моб!"

2014 жылдың 30 сәуірінде сағат 16.00-ден 18.30-ға дейін №17 студенттер үйінің ауласында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында университеттің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "80 жылдыққа 80 адамдық флеш-моб!" атты іс-шара өтті. Флеш-мобта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері, Тарих, археология және этнология факультетінің 1-курс студенттері, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамының қатысуымен өтті.

Республикалық ғылыми әдістемелік семинар “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching”

11 сәуір 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мәдиеваның басшылығымен Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы дәстүрлі “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching” атты тақырыпта мектеп және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Республикалық ғылыми – әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинарға 100 - ден астам адам қатысты. Олар Алматы қаласының орта мектептерінің ұстаздары, О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының,

№68, №35 мектеп гимназияларының, № 146 лицейдің және Халықаралық «Мирас» мектебінің, ҚазҰТУ, КИМЭП, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің, Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының оқытушылары және т.б. Профессор Ибраева Ж.К. өз баяндамасында оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтардың айырмашылықтарын және әдістемелік нұсқаулықтарды құрастыру ережелерін талқылап өтті. E-learning технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Доцент Джарасованың Т.Т. және Сабитова Г. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студентінің бірлесіп жасаған ғылыми жобасы семинардың қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

Ғылыми-әдістемелік семинардың қадірлі қонағы DAAD (Германия Академиялық Алмасу Қызметі) координаторы Якоб Хеддерих семинар қатысушыларына Германияда оқу және ғылыми зерттеулер жүргізу мұмкіндіктері жайында әңгімелеп берді. Неміс тілі секциясында кафедраның аға оқытушылар Мұқашева Ж. У., Төреханова Б.Н. және Бекішева Р. М. неміс тілін заманауи әдістерді қолданып, оқыту әдістемесіне байланысты мастер-класс өткізді. №68 мектеп-гимназиясының неміс тілі оқытушысы Рахматуллина А. С. - PAD білім беру бағдарламасының стипендиаты, PAD бағдарламасы және Германия жайында мағлұмат берді, сонымен қатар ол шетелде оқу тәжірибесімен бөлісті. Macmillan және InterPress Қазақстан баспа үйлерінің әдіскерлері “Learning skills” және “ Classroom management” атты тақырыптарға семинарлар жүргізді.

Білімділер додасы - "Үздік лингвист - 2014"

2014 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Үздік лингвист-2014" Республикалық университет-аралық зияткерлік сайысы өтті. Еліміздің білім беру саласындағы 4 бірдей үздік Жоғары оқу орындары сайысқа қатысуға білдірілген ұсынысты қабылдап, қарашаңырақ ҚазҰУ-дың қуанышын бірге бөлісуге ниет білдірді. Олар қазақтың тұңғыш Жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ, 70 жылдық тарихы бар педагог мамандарды жетік түрде дайындайтын бірден-бір оқу ордасы ҚазМҚПУ, Халықаралық деңгейде білім беру үлгісі озық білім ордасы С. Демирел университеті,Халықаралықдәре-

жедегі құзіретті мамандарды даярлайтын жетекші университеттердің бірі де бірегейі Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, және де «Үздік лингвист» байқауын ұйымдастырып, еліміздің оқу орындарының басын қосып отырған білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Дүйім жұрттың көз алдында білім додасына түсіп, өзінің танымдық өресін, рухани жан-дүниесінің байлығын сарапқа салу кез келген адамның қолынан келе бермесі хақ. Бұл додаға қатысуға бел буған терең білімді, дүниетанымы кең, білімнің қайнар бұлағынан терең сусындаған, жүректі жастар, әрине құрметке лайық. «Үздік лингвист – 2014» зияткерлік сайысына алдын-ала іріктеу өткізіліп, әр университеттен 3 адамнан 15 үміткер қатарларынан оқ бойы озып шықты.

Сайыс шарты бойынша тіл білімі аясында білім алып жүрген 3 курс студенттері қатысады. «Үздік лингвист – 2014» байқауы кафедраның «Жас лингвисттер» клубының аясында ұйымдастырылды, ұйымдастырушы координаторлар клуб жетекшілері ф.ғ.д., профессор Ж.Қ. Ибраева мен ф.ғ.к., доцент М.Қ. Мәмбетова және оқытушы Г.Ә. Бөрібаева мен«Лингвистика» мамандығының І курс магистранттары. Сайыс соңы көңілді кешке ұласты, олай дейтініміздің себебі, сайыс қорытындылары шыққанша бірнеше көңілді өлеңдер мен ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған би тамашаланды. Сайысты бастан аяқ жүргізген факультеттің 2 курс студенті «Жігіт сұлтаны 2013» байқауының лауреаты А. Мырзабек пен факультетіміздің 4 курс студенті, Қазақ радиосының дикторы Д. Ермекжан. Кеш соңында университетіміздің талантты әншілері, бүгінде талай ән бәйгесінің биігінен көрініп жүрген DestLIFE тобының жігіттері мен болашақ қазақ эстрадасының жұлдыздары Ж. Верещак, Ж. Мұзбаеваның орындауындағы ҚазҰУ әнұранымен аяқталды.


30.09.2013 ж. Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған «Бірлік іргетасы – тіл» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Іс шараға университеттің барлық факультеттерінен студенттер қатыстырылды.

29.11.2013 ж. Мемлекеттік тіл кафедрасы мен Алматы қалалық «Тіл» орталығының бірігуімен университеттің 80 жылдық мерейтойына арнап, «Мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.

Жалғасы.docx

28 қараша 2013 ж., сағат 15.00-де А.С. Аманжолов атындағы 322 дәрісханада филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті. Бұл жиын факультеттегі дәрісхана атаулары мен клуб, үйірме, ұйым атауларына қатысты өтті. «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы – Ертаева Фариза, «Ай – Ару» - Қыдырбай Мөлдір; «Түркі әлемі» - Әуесхан Райма, «Жәдігер» - Сдихова Жайнагүл; «Көкжиек» - Алиев Асан; т.б.

Клуб жетекшілері, ұйымдастырушылар – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.