Республикалық ғылыми – әдістемелік семинар “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching”

27.05.2014

11 сәуір 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мәдиеваның басшылығымен Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы дәстүрлі “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching” атты тақырыпта мектеп және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Республикалық ғылыми – әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

"Үздік лингвист-2014"

26.04.2014

Білімділер додасы - "Үздік лингвист - 2014"

2014 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Үздік лингвист-2014" Республикалық университетаралық зияткерлік сайысы өтті.

Ары қарай оқу >>

"Түркі жазуы мейрамы"

05.12.2013

Университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыл сайынғы "Түркі жазуы мейрамына" биыл 21 жыл болыпты. Қос қуанышты бірге атаған аталмыш мейрам өз деңгейінде өтті.

"Түркі жазуы мейрамы" "Түркі әлемі" клубының аясында өткізілді. Факультетіміздің 1 курс студенттері бұл мейрамды жандандыра түсті деуге болады. Қазылар алқасы құрамына өзге де университеттерден қонақтар келді.

Клуб жетекшілері: Бектемірова С.Б., Досанова А.М.

Ары қарай оқу >>

"Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

04.12.2013

04.12.2013 ж. сағат 16-00-де 302-аудиторияда "Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

Клуб жетекшілері: Қарағойшиева Д.А., Күзембекова Ж.Ж.

Ары қарай оқу >>

«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті.

28.11.2013

28 қараша 2013 ж., сағат 15.00-де А.С. Аманжолов атындағы 322 дәрісханада филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Факультеттегі атаулар» атты ғылыми-танымдық кезекті жиыны өтті. Бұл жиын факультеттегі дәрісхана атаулары мен клуб, үйірме, ұйым атауларына қатысты өтті. «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы – Ертаева Фариза, «Ай – Ару» - Қыдырбай Мөлдір; «Түркі әлемі» - Әуесхан Райма, «Жәдігер» - Сдихова Жайнагүл; «Көкжиек» - Алиев Асан; т.б.

Клуб жетекшілері, ұйымдастырушылар – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.

Жиынға факультеттің 1, 2, 4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары және оқытушылар: Ибраева Ж.Қ., Мәмбетова М.Қ. Бектемірова С.Б., Бөрібаева Г., және т.б.

Ары қарай оқу >>

Pages