Республикалық ғылыми – әдістемелік семинар “Foreign languages: theory and practice of foreign language teaching”

27.05.2014

Көрулер: 4591

Семинарға 100 - ден астам адам қатысты. Олар Алматы қаласының орта мектептерінің ұстаздары, О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының,№68, №35 мектеп гимназияларының, № 146 лицейдің және Халықаралық «Мирас» мектебінің, ҚазҰТУ, КИМЭП, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің, Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының оқытушылары және т.б. Профессор Ибраева Ж.К. өз баяндамасында оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтардың айырмашылықтарын және әдістемелік нұсқаулықтарды құрастыру ережелерін талқылап өтті. E-learning технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Доцент Джарасованың Т.Т. және Сабитова Г. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студентінің бірлесіп жасаған ғылыми жобасы семинардың қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

Ғылыми-әдістемелік семинардың қадірлі қонағы DAAD (Германия Академиялық Алмасу Қызметі) координаторы Якоб Хеддерих семинар қатысушыларына Германияда оқу және ғылыми зерттеулер жүргізу мұмкіндіктері жайында әңгімелеп берді. Неміс тілі секциясында кафедраның аға оқытушылар Мұқашева Ж. У., Төреханова Б.Н. және Бекішева Р. М. неміс тілін заманауи әдістерді қолданып, оқыту әдістемесіне байланысты мастер-класс өткізді. №68 мектеп-гимназиясының неміс тілі оқытушысы Рахматуллина А. С. - PAD білім беру бағдарламасының стипендиаты, PAD бағдарламасы және Германия жайында мағлұмат берді, сонымен қатар ол шетелде оқу тәжірибесімен бөлісті. Macmillan және InterPress Қазақстан баспа үйлерінің әдіскерлері “Learning skills” және “ Classroom management” атты тақырыптарға семинарлар жүргізді.