Студенттік өмір


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 14 факультет бар, солардың ішінде Экономика және бизнес жоғары мектебі үлкен, студенттер саны да көп болып табылады. Экономика және бизнес жоғары мектебінде ақылды, зерек, нысаналы, белсендi және креативтi студенттер білім алуда. Бұған дәлел ретінде мыналарды келтіруге болады: мұнда студенттердің жалпы саны 3500 болса, оның 1027-сі грант бөлімінде оқиды. Қазіргі уақытта Экономика және бизнес жоғары мектебінің бітірушілерінің көбі Қазақстан бойынша үлкен ғылыми бизнес орталықтарда белгілі. Олар Президент әкiмшiлiгiнде, Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгінде, Қаржы министрлiгiнде, ҚР санақ агенттiгінде, Ұлттық Банкте, Коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларда және тағы басқа қаржы салаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салаларындағы басқа да кәсіпорындарда жұмыс iстейдi.